• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Тамыз, 2022

Елордада дін мәселелері туралы ақпараттық жұмыс жүргізілді

273 рет
көрсетілді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ағымдағы жылдың 15-16 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни – ағартушылық жұмысын, сонымен қатар діни эстремизімнің таралуын алдын алуға бағыттылған рухани-ағарту жұмысын ұйымдастыру шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шара мен кездесулер өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – А.И.Жарас, Б.Р.Шериязданов, И.Т.Бердалиев, Б.А.Мырзаев тартылды.

15 тамызда Нұр-сұлтан қаласында «Артем», «АйМак-Тау», «Шапағат», «Әлем», «Big Шанхай» және «Шарын» базарларының саудагерлері арасында, № 6636 - ӘБ әскери қызметкерлері арасында, «Астана жастары» КММ мекемесінің еріктілерімен және т.б. кездесулер өткізілді.

Сондай-ақ 16 тамызда РАТТ мүшелерінің қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында Ақмола облыстық жедел бөлімшесінің әскери қызметкерлері арасында, «Нұр-Астана» мешітінің жамағаттарымен, №2 «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, № 6 және № 8  «олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ мекемелерінің спортшыларымен спорт жаттықтырушылары арасында семинар ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шараларда қала тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.

Сонымен қатар сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қазақстандық қоғамдағы әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін арттыруға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне

сұрақтар қойылып, сауалдарға тұжымды жауаптар алынды.