• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Тамыз, 2022

Таушықта жайылым тапшы

111 рет
көрсетілді

Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Маңғыстау облысында жұртшылық, ауылдық округ тұрғындары, бастауыш партия ұйымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді. Партия өкілдерінің аймаққа сапары кезінде Amanat-тың сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы да тексерілді.

Асхат Оралов Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов және «Жер аманаты» комиссиясының өзге де мүшелерімен бірге Таушық ауылында Түпқараған ауданының тұрғындарымен кез­десіп, жайылымдық жерлер­дің жетіс­пеушілігі және құ­нар­сыз­дануы мәселелерін талқылады.

Ауыл ақсақалы Амангелді Жүнбасовтың айтуынша, ауыл тұрғындарының мал жаятын жері болмай отыр. Ал жақын маңдағы жайылымдардың меншік иелері жергілікті тұрғындардың мал жаюына рұқсат етпейді. Сондықтан жеке қосалқы шаруашылықтарға арналған жайылымдардың аумағын кеңейту мәселесі өзекті болып отыр.

«Партия Мемлекет басшы­сының қоғамдық тірегі ретінде Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жұмысына үлес қосып келеді. Президенттің пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі тапсырмасы орындалып жатыр. Соның нақты дәлелі – «Жер аманаты» комиссиясының атсалысуымен Маңғыстау облысында 240 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл жұмысты еліміздің барлық аймағында жалғастырамыз», деп атап өтті Асхат Оралов.

Өз кезегінде депутат Еділ Жаңбыршин құрамына Ауыл шаруашылығы министрлігі, прокуратураның өкілдері, депутаттар, заңгерлер, қоғам қайраткерлері, журналистер кіретін комиссияның көмегі­мен сегіз өңірде мемлекет мен­шігіне 350 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері қайтарылғанын атап өтті.

Бұдан соң, партияның атқарушы хатшысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында 600 орындық мектептің құрылыс барысын тексерді. Жаңа білім ошағы Amanat-тың сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында салынып жатыр. Биыл мектеп пайдалануға берілгеннен кейін ауылда үш ауысымда білім беру және балаларды өзге ауылдардың мектептеріне алып барып отыру мәселесі шешіледі.

Сондай-ақ Асхат Оралов Ақтау қаласының 19А шағын ауда­нындағы 432 пәтерлік көпқабатты үйлердің құрылысымен танысты. Нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Пар­тияның сайлауалды уәде­леріне сәйкес, тұрғын үй кезекте тұрғандарға, соның ішінде халықтың осал тобына бөлінеді.

Екі нысанда да құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын қадағалайтын пар­тия­лық бақылау бекеттері ашылғанын атап өткен жөн.

Сапар барысында Amanat-тың атқарушы хатшысы облыстағы бастауыш партия ұйымдарының басшыларымен кездесті. Бүгінде өңір­де 16 мыңнан астам партия мү­ше­сін біріктіретін 102 бас­та­уыш партия ұйымы жұмыс істейді.

«Мұндай кездесулер аманат­тық­тарды толғандыратын мәсе­лелерді біліп отыруға мүм­кіндік береді. Себебі бас­тауыш партия ұйымдары – партияның негізі. Сонымен қатар, партияның жаңа Саяси тұғырнамасын әзірлеу кезінде қатардағы партия мүше­лерінің пікірі ескеріледі. Бү­гінде БПҰ-ны ірілендіру, олар­дың әлеуетін күшейту жөнінде жұмыс жүргізілуде. БПҰ бастамаларын қолдау мақ­сатында жергілікті жерлерде жобаларды іске асыру үшін партиялық жарналар­дың 20 пайызын қайтарып беру тәжірибесін енгіздік», деді Асхат Оралов.