Таэквондодан Қазақстан құрамасы кадеттер арасындағы Азия чемпионатын 15 медальмен аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хошиминде өткен Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Мырзағали Сұрановтың шәкірттері 4 алтын, 6 күміс және 5 қола медальді жеңіп алды.
Бірінші күннің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі:
1 орын – Нұрперзент Саматұлы, 33 келі
1 орын – Достан Нәжімханов, 49 келі
1 орын – Ярина Пуганцова, 29 келі
2 орын – Нұрай Амангелді, 37 келі
2 орын – Дарын Зейнеш, 57 кг
2 орын – Теміржан Тасқын, 41 келі
3 орын – Жұмабек Нұрайым, 44 келі
Екінші күннің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі:
1 орын – Медет Елемесов, 53 келі,
2 орын – Айым Серікбай, 33 келі
2 орын – Ақбота Желеу, 41 келі
2 орын – Бекет Болатұлы, 45 келі
3 орын – Торғын Әлімхан, 47 келі
3 орын - Ольга Власюк, +59 келі
3 орын – Артур Пак, 61 келі
3 орын - Әміржан Иманбаев, +65 келі