Қазақстандық теннисші Анна Данилина WTA 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz. Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен дуэтте америкалық Кливлендте өткен турнирдің ширек финалында жапон-индонезиялық жұп Миа Като мен Алдила Сутджиадиді 6:2, 6:7 (4:7), 10:7 есебімен жеңді.
Жартылай финалда Анна мен Александра турнирдің егіс көшбасшыларымен - Үлкен дулыға турнирлерінің үш дүркін чемпиондарымен, чехиялық жұп Катерина Синякова мен Барбора Крейчиковамен кортқа шығады.