Шымкентте өз үйінде ірі көлемде құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірген 1965 жылы туған азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тексеру барысында 57 жастағы азаматтың тұрғылықты мекен жайынан жалпы салмағы 47,5 кг болатын 636 түп есірткі өсімдігі тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі өсімдігі «сора» тұқымына жатады. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, күдікті бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған.