• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Тамыз, 2022

Электронды еңбек биржасы бір айда 87 мың бос жұмыс орнын жариялады

301 рет
көрсетілді

2022 жылғы шілдеде Электронды еңбек биржасында 87 мың бос жұмыс орны және 70,6 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 30%-ға төмендеді, ал өзекті түйіндемелер саны 18%-ға артты. Сондай-ақ еңбек нарығының маусымдық ерекшеліктері есебінен біліктілігі төмен кадрларға сұраныс қысқаруда.

Өткен айдың қорытындысы бойынша мамыр айында көр­сет­кіштерге жақындай отырып, жұмыс берушілер тарапы­нан белсенділіктің төмен­де­гені байқалады. Бұл құлды­рау фермерлер мен ауыл шаруа­шылығындағы жұмысшыларға (-70%) және біліктілігі жоқ жұмыс­шыларға (-43%) сұраныс­тың төмендеуіне байланысты. Бұл үрдіс маусымдық сипатқа ие. Мәселен, өткен жылдың шіл­де айында бос орындар са­ны өткен жылдың өткен айы­мен са­лыстырғанда 15%-ға төмендеді.

Өңірлер бойынша Жамбыл облысында ұсыныс – 71%-ға, Қызылорда облысында – 55%-ға, Ақтөбе облысында – 52%-ға және Солтүстік Қазақстан облысында 48%-ға төмендеді. Алайда Батыс Қазақстан және Алматы облыс­тарында кері үрдіс байқалады, ұсыныстың тиісінше 13%-ға және 4%-ға ұлғаюы байқалады.

«Оқу кезеңінің басталуына байланысты орта және мектепке дейінгі білім беру меке­ме­лерінде кадрларға деген сұ­раныс жоғары: қазіргі уақытта қажеттілік 10,2 мың бос жұмыс орнын немесе барлық бос жұмыс орындарының 12%-ын құрайды. Бос жұмыс орындарының көп­шілігі Қарағанды (899 бос орын), Жамбыл (792 бос орын) және Алматы (737 бос орын) облыс­тарында орналастырылды. Жалпы, Қазақстан бойынша мұғалімдердің орташа жалақысы 109,4 мың теңгені құрайды», деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская.

Ең сұранысқа ие рейтингте екінші орында ауыл шаруашылығы және тұрғын үй құрылысы кәсіпорындары (4 мың бос жұмыс орны немесе 5%-дан) тұр. Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласындағы бос орындардың 36%-ы Түркістан облысына тиесілі, ал құрылыс саласындағы бос орындардың жартысына жуығы (43%) Нұр-Сұлтан қаласында жарияланған.

Осы жылдың шілде айында біліктілігі төмен қызмет­кер­лерге сұраныс өткен аймен салыс­тырғанда 2 есеге, 50,6 мыңнан 28,7 мыңға дейін төмендеді, ал ұсыныс 11%-ға, 29,1 мыңнан 25,8 мыңға дейін төмендеді.

«Сонымен қатар еңбек нарығы­ның қажеттіліктері мен орташа білікті мамандарды ұсыну арасындағы теңгерімсіздік кү­шейе түсті. Мәселен, орта білік­ті мамандарға арналған бос орын­дар саны ұсыныстан 1,7 есе асып түсті: 38,9 мың бос орын, 23,6 мың түйіндеме. Ал ЭЕБ-да жұ­мыс берушілердің жоға­ры бі­лікті мамандарға деген қажет­тілігі – орналастырылған бос жұмыс орындары санының 17%-ы ғана», деп бөлісті А.Молчановская.

Мамандықтар бойынша орта медициналық қызметкерлер – 1,2 мың бос жұмыс орны сұ­раныс­қа ие болды. Бос жұмыс орын­­дары мен түйіндемелер ара­сын­дағы мамандардың жетіс­­пеу­­шілігіне байланысты ең үл­кен алшақтық жоғары оқу орын­дары­ның оқытушылары арасын­да байқалады. Яғни 1 331 бос орын – 945 түйіндеме, дәрі­гер­лер – 1 772 бос орын – 605 тү­йін­деме, кү­зетшілер – 1 685 бос орын – 463 тү­йіндеме және тәр­бие­­шілер – 1 450 бос орын – 990 түйіндеме.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

 

Сонымен қатар жұмыс іздеу­шілер арасында ең үлкен про­фицит заңгерлерде (1 143 бос орын­ға 331 түйіндеме), эконо­мис­терде (182 бос орынға 457 тү­йін­деме), фельд­шерлерде (174 бос орынға 735 түйіндеме), вахтер­лерде (130 бос орынға 864 түйіндеме), курьерлерде (123 бос орынға 465 түйіндеме) және бі­лікті емес жұмысшыларда (1 245 түйіндемеге 644 бос орын).

Өңірлік бөліністе ізденушілер тарапынан белсенділік негізінен Жамбыл (5,5 мың түйіндеме) және Ақтөбе (4,7 мың түйіндеме) облыстарында – 3 есеге жуық, Шымкент қаласында – 2 еседен астам (6 мың түйіндеме), Алматы қаласында – 1,8 есе (3,5 мың түйіндеме) өсті. Өткен аймен салыстырғанда түйіндеменің жалпы саны мұғалімдерден 2,3 есеге (2,8 мыңнан 6,5 мыңға дейін түйіндеме), заңгерлерден – 1,7 есеге (677-ден 1143 түйіндемеге дейін) және тәрбиешілерден 1,6 есеге (609-дан 990 түйіндемеге дейін) өсті.

Сұратылған жалақының ең жоғары мөлшерін көбінесе өз тү­йін­демелерінде авиация инже­нерлері арасындағы ізденуші­лер көрсетеді – 3,3 млн теңге, жоғары буын басшылары – 2 млн теңге, бас аудиторлар, ғарыш инженерлері, бас директорлар – 1 млн теңгеден астам. Ал жұмыс берушілер ұшқыштарға орташа есеппен 900 мың теңге, бас құрылысшыларға – 700 мың теңге, жөндеу – меха­ни­ка­лық шеберханасының мең­геру­­шілеріне және бұрғылау жөнін­дегі супервайзерлерге 600 мың теңге еңбекақы төлеуді ұсынады.

Жұмыс іздеушілер тарапынан белсенділіктің өсуіне және жұ­мыс берушілерден сұра­ныс­тың төмендеуіне қарамас­тан, кейбір кадрларға жалпы тап­шылық айқын. Біліктілігі төмен ізденушілер тарапынан байқа­лып отырған қызығушылықтың бәсеңдеуі маусымдық жұмыс­тарға байланысты.