• RUB:
    5.17
  • USD:
    478.54
  • EUR:
    533.76
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Тамыз, 2022

Елтеріс Құтлық қағанның жазуы - ғасыр жаңалығы – Түркия СІМ

416 рет
көрсетілді

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі Түркі академиясы ашқан жаңалыққа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі Түркі академиясын Моңғолияда жүргізген Номғон ғылыми экспедициясының нәтижесінде тапқан құнды тарихи олжасымен құттықтады. СІМ хатында жаңадан  табылған Елтеріс Құтлық қағанның кешені мен жазуын ғасыр жаңалығы деп жоғары баға берді. Өз кезегінде Түркі академиясы Түркия СІМ жылы лебізі мен қолдауы үшін зор ризашылығын білдіреді», деп жазылған хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар