• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 01 Қыркүйек, 2022

ЖОО-да оқу үшін жеңілдетілген несие беріледі

307 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында отандық жоғары оқу орындарының сапасы артқан сайын олардағы білімнің құны да өсетін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Отандық жоғары оқу орындарының сапасы артқан сайын олардағы білімнің құны да өседі. Сондықтан мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, ол ҰБТ нәтижелеріне және басқа да көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша 30 дан 100 пайызға дейін сараланады», деді Президент.

Сондай-ақ оқуға жылдық 2-3 пайызбен жеңілдетілген несие берілмек. Бұл шаралар жоғары білімді қолжетімді етеді, сонымен қатар қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын күшейтеді.