• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 01 Қыркүйек, 2022

Сот төрағасы лауазымы судья лауазымы болып өзгереді

678 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында судьялар мен қазылар қайта іріктеліп, жаңаша жасақталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет. Осыған орай, қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек. Қазылар жоғары білікті, адал, сондай-ақ, жемқорлықтан таза болуы қажет. Ең алдымен, барлық судьялардың мәртебесін теңестірген жөн», деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, қазылар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді болмауы керек.

«Сот төрағасы лауазымы судья лауазымы болып өзгереді. Сот төрағасы және Сот алқасының төрағасы лауазымына үміткерді судьялар өздері сайлайтын тәсіл енгізуді ұсынамын. Жоғарғы Сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн. Ол үшін Президент үміткерлерді баламалы негізде Сенатқа ұсынуы керек. Аталған салаға мықты заңгерлерді тарту үшін материалдық жағдай жасау қажет», деп толықтырды Президент.