• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Білім 01 Қыркүйек, 2022

Семейде жаңа мектеп ашылды

420 рет
көрсетілді

Білім күні аясында Семейде 1 200 балаға шақталған мектеп ашылды. Жаңа білім беру нысаны шаһардың Шығыс кентінде орналасқан.

Аталған мектептің бұл аудан­да салынуы тегін емес. Өйт­кені 400 мыңдай халқы бар қа­ла­дағы тұрғындардың ба­сым бөлігі Шығыс кен­тінде тұ­ра­ды. Семейге қоныс ауда­ра­тын­дар­дың көбі тұрғылықты орын ретінде дәл осы ауданды таң­дай­ды. Себебі бұл аумақ өсім­­­дік ша­руашылығымен айна­лыс­қанға қолайлы.

Облыс әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов 2025 жылға дейін өңірде 10-нан аса мектеп салынатынын жеткізді.

«Еліміздің барлық өңірінде оқу жылы басталды. Семейде 5 мыңнан астам оқушы мектепке барды. Орын тапшылығын азайту үшін қалада тағы 4 мектеп ашылады. Тұтастай алғанда, 2025 жылға дейін облыста 11 мектеп ашылады деп көзделіп отыр. Шығыс кентіндегі бұл мектеп заманауи білім беру стандарттарына сай жабдықталған», деді А.Кәрімов.

Абай облысының білім басқармасының мәліметіне сүйен­сек, биыл өңірде 1-сы­ныптың табалдырығын 10 280 бала аттаған. Сондай-ақ оқушы орындарының тап­шылығын азайту мақсатында 1 700 балаға арналған 4 мектеп ашылыпты. Ал 2025 жылға қарай 5 100 орындық 11 мектеп салу жос­парланып отыр.

«Облыста 301 мектеп бар. Олардың барлығы ашылып, қызметтеріне кірісті. Сонымен қатар Семейде 4 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Шығыс кентіндегі 1 200 оқушыға ар­налған мектеп заманауи, соңғы стандарттарға сай құрал-жаб­дықтармен қамтылған. Мұнда білім екі тілде беріледі. Абай об­лысындағы мектептердің

100%-ы аптасына 5 күн оқи­тын болады», деді білім бас­қар­масының өкілдері.

Сонымен қоса Жарма ауда­нының Қапай батыр ауылында да 100 оқушыға арналған мектеп ғимараты пайдалануға берілгенін айта кеткен орынды. Мұнда спорт және акт залдары, асхана, IT-сыныбы, кітапхана мен арнайы жабдықталған психолог кабинеті қарастырылған.

Осы ретте «Мектепке жол» акциясы аясында өңірдегі оқу­шыларға оқу құралдары мен мектеп формасын сатып алуға көмек көрсетіліп келе жатқанын айта кету керек. Айталық, осы науқан арқылы Абай облысында 5 316 бала қажетті қолдауға ие болды.

«20-25 тамыз аралығында аудандардың орталық базарларында, сауда үйлерінде мек­теп тауарларын төмен баға­мен сату үшін бірқатар кәсіп­кердің қатысуымен мектеп жәр­меңкелері ұйымдастырылды. Облыстың жанашыр азаматтары, кәсіпкерлері, меценаттары акцияға қосылып, ата-аналарға қолдау көрсетті. Мысалы, «Вос­­­ход» кентіндегі №34 орта мек­тептің 80 оқушысына спорт­тық киім мен оқу құрал-жаб­дықтары бар сөмкелер табыс­талды», де­лінген жауапты ведомство ақ­па­ратында.

Акция қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

 

Абай облысы