Жетісу облысының Ескелді ауданында жол апаты болып, Toyota Camry автокөлігі аударылып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға орнында түсірілген бейнеролик әлеуметтік желіде тарады.
«Көлікті 40 жастағы ер адам басқарған, ол Алматы-Өскемен трассасының 244 шақырымында көлікті басқара алмай, аударылып қалуына жол берген», делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Департамент қызметкерлері апат салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін айтты. Жүргізуші ауруханаға жатудан бас тартты.