• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 03 Қыркүйек, 2022

Президент Қостанай облысындағы өртке қарамастан өңірге барады

340 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы 5 қыркүйектегі жұмыс кестесіне сәйкес Торғайға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұқаралық ақпарат құралдарынан «Қостанай облысындағы өртке байланысты Мемлекет басшысының осы өңірге жоспарланған сапары бола ма?», деген сауалдар келіп жатыр.

Қалыптасып отырған жағдайға қарамастан, Президент өзінің берген сөзінен таймай, 5 қыркүйектегі жұмыс кестесіне сәйкес Торғайға жұмыс сапарымен барады.

Қазір Әулиекөл ауданындағы өртті сөндіру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жағдайды өңірге арнайы барған Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған жедел топ қадағалап отыр», деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Фейсбуктегі парақшасында.