Қостанайда қару-жарақ палатасының жеке ғимараты өртенді. Оқ-дәрілердің жарылу қаупі бар, деп хабарлайды Egemen.kz «Алау» телеарнасына сілтеме жасап.
«3 қыркүйек күні сағат 11:20-да Н.Назарбаев даңғылы, 115 мекенжайында «Арморий палатасы» дүкенінің жеке бір қабатты ғимараты өртеніп, өрт жақын маңдағы «Оңтүстік» ТҚС мен асхана ғимаратының шатырына жайылған. Өрт аумағы екі мың шаршы метрден асады», делінген Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.