• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 03 Қыркүйек, 2022

Әлихан Смайылов халық үшін ең өзекті мәселені атады

347 рет
көрсетілді

Бүгінгі Үкімет отырысында Әлихан Смайылов отандық экономиканың дамуына құрылыс саласының ықпалы зор екенін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тұрғын үймен қамтамасыз ету – халық үшін ең өзекті мәселенің бірі. Дегенмен сапасыз құрылыс фактілері, құрылыс салушыларды таңдау рәсімдерінің ашық болмауы, мегаполистерде құрылыстардың тығыз салынуы жұртшылықтың орынды наразылығын тудыруда», деді Премьер-Министр. 

Бұл саладағы ахуалды жақсарту мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, сала мамандарын, сәулетшілерді, ғылыми қауымдастықты тарта отырып, Қала құрылысы кодексінің жобасын әзірлеу үшін жұмыс тобын құру және бастамаларды кеңінен талқылау тапсырылды.