Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz. «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.
«Қазір өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай әсіресе Аманқарағай ауданында күрделі. Онда 60 үй өртенді. Өрт сөндіріліп жатыр. Жалын жоғары жақтан тарап, адамдар тұрып жатқан жерлер де өртене бастады. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда», деді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «ҚазАқпарат» тілшісіне берген жауабында.