• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қыркүйек, 2022

Архимед Мұхамбетов эвакуацияланған тұрғындармен кездесті

188 рет
көрсетілді

Қостанай облысының әкімі орман өрті салдарынан қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындармен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңір басшысы эвакуацияланған адамдардың жай-күйін және орналасқан жерлердегі жағдайды тексерді. Ол табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілетінін жеткізді.

«Шығын есептеліп, әрбір отбасыға көмек көрсетіледі», деді Архимед Мұхамбетов.

Қазіргі уақытта өрттен Аманқарағай, Калинин, Лесное, Озерное ауылдарынан барлығы 1841 адам эвакуацияланған.