Әулиекөлдегі орман өрті мен Қарасу ауданы Люблинка ауылындағы және Қарабалық ауданындағы құрғақ шөптің жануынан болған жеке тұрғын үйлердегі өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Qazaqstan телеарнасының мәліметіне сүйенсек, Люблинка ауылындағы өрт толығымен сөндірілген.
Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ТЖМ-ға тиесілі 2 тікұшақ өртті сөндіру үшін 12 рет әуеге көтеріліп, 36 тонна су шашқан.
Сондай-ақ Президент өртті ауыздықтау және елді мекендерден азаматтарды эвакуациялау бойынша қабылданған шараларды тікелей бақылап отыр.