• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Қыркүйек, 2022

Орман өрті кезінде 10 адам дәрігер көмегіне жүгінген

494 рет
көрсетілді

Олардың арасында кәмелет жасына толмаған жасөспірім бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өрт кезінде дене жарақаты мен күйіп қалу және жеңіл немес орташа ауырлықтағы улану белгілерімен 10 адам дәрігерлер көмегіне жүгінді. Олардың ішінде 1 кәмелетке толмаған бала, 1 орман шаруашылығы қызметкері, 1 әкімдік қызметкері, 3 Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері бар. 4 адам Орталық аудандық ауруханаға жеткізілді, 6 адам тексеріліп, емделгеннен кейін үйлеріне жіберілді», деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.