Каратэден Қазақстан құрамасының өкілдері Дидар Әмірәлі мен Қайсар Алпысбай Бакуде өткен каратэден Премьер-лигада үшінші орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
60 келі салмақта үшінші орын үшін белдесуде Алпысбай иорданиялық Омар Шакраннан басым түсті.
Әмірәлі 67 келі салмақ дәрежесінде марокколық Алами Анасты жеңіп, қола жүлдегер атанды.