• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 06 Қыркүйек, 2022

Елордада Ақбұлақ су қоймасы қалпына келтіріледі

389 рет
көрсетілді

Елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бастамасымен «Нұр-Сұлтан қаласындағы Ақбұлақ бұлағын биологиялық ремедиациялау» пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жобаны іске қосуға Экология департаментінің, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясының, «Қазсушар» РМК, елорданың бейінді басқармасының, «Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» ЖШС өкілдері мен эко-белсенділер қатысты.

Бұл жобаның мақсаты су қоймасының экожүйесін қалпына келтіру және биологиялық мелиорация әдісімен антропогендік жүктемені азайту.

«Қамтылған пилоттық учаскенің ауданы Ақбұлақ бұлағы су айдынының жоғарғы бөлігінде 50 га құрайды. Бұл әдіс қопсытқышта өсірілген бір клеткалы жасыл балдырлардың «хлорелла» штамдарын қолдануды қамтиды. Суспензия - балдырлар жүзетін қоректік орта. Судың бай жасыл түсі мен физикалық қасиеттері бар. Өсіру үшін планктонды штамдар қолданылады», делінген хабарламада.

Тазарту және оңалту жұмыстары кезінде хлорелла концентрацияланған суспензиясын пайдалану нәтижесінде су айдынының экологиялық жай-күйі келесі көрсеткіштер бойынша жақсарады деп күтілуде:

Су айдынының физикалық-химиялық көрсеткіштерін жақсарту; Суда ерітілген оттегі концентрациясының жоғарылауы; Су айдынының гидробиологиялық көрсеткіштерін жақсарту, зоопланктон мен зообентос санының және биомассасының өсуі; Ихтиофауна санының артуы.