• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қыркүйек, 2022

Министрлік жатақхана берілмеген студенттерге қатысты түсініктеме берді

6329 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде жатақхана берілмеген алматылық студенттер туралы ақпарат тарады. Ғылым және жоғары білім министрлігі аталған дерекке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Әлеуметтік желілерде пайда болған жарияланымдарды талдау және тексеру барысында ақпараттың шынайылығы расталмады. Осылайша Алматыда баспанасыз қалған студенттер туралы ақпаратты жоққа шығарамыз. Түнгі уақытта көшеде жүрген жастар бейнеленген видеороликтің шығу тегі белгісіз», делінген министрліктің Facebook парақшасында.

Ведомство мәліметінше, университеттер шәкірттерді жатақханадағы орындармен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ қажет болған жағдайда орын жетпеген студенттер хостелдер мен қонақүйлерге орналастырылады.   «Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев студенттерді жатақханамен қамту мәселесі толық шешілгенше Алматыда болады. Ол жағдайды тікелей бақылауында ұстайды», делінген жазбада.