• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Теннис 07 Қыркүйек, 2022

WTT Contender Almaty-да өнер көрсететін теннисшілер анықталды

239 рет
көрсетілді

13 қыркүйек күні ADD Алматы үстел теннисі орталығында жүлде қоры 75 000 долларды құрайтын WTT Contender Almaty халықаралық турнирі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Айтулы турнирге әлемдік деңгейдегі жұлдыздар келеді деп күтілуде. ITTF және WTT ережелеріне сәйкес аталған турнирде Қазақстанның намысын 11 ер адам және 11 әйел адам қорғайды.

Олар: Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, тәжірибелі турнирлік жауынгерлер Кирилл Герасименко, Сарвиноз Миркадирова, Алан Курмангалиев, Айдос Кенжигулов, Анастасия Лаврова, Зауреш Акашева, Ирисбек Артукметов, Анель Бахыт, спорт шеберлері Искендер Харки, Эрик Райтер, Владислав Захаров, Денис Жолудев, Дастан Кенжигулов, Бақдәулет Әкімәлі, Сагантай Курмамбаев, Айя Алимбаева, Анжелина Романовская, Арай Ашкеева, Алсу Сапарова, Жанерке Кошкумбаева, Александра Смирнова, Гүлчехра Хусейнова.