• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Қыркүйек, 2022

Журналист Ардақ Ерубаеваға қатысты оқиға министрлік бақылауында

500 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналист Ардақ Ерубаеваға қатысты оқиға барысын өз құзыреті шегінде мұқият қадағалап отыр.

Министрлік бұл жағдайдың заң аясында шешілетініне сенімді.

Естеріңізге сала кетейік, Ата Заңның 20-бабы сөз бостандығына кепілдік береді. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасауға жол берілмейді.

Сонымен қатар әріптестеріміздің де жауапкершілік жүгін сезініп, заң талаптарын сақтағаны жөн деп есептейміз», деп жазды Дархан Қыдырәлі.

Айта кетейік, 31 тамыз күні Ақтөбе облысына барған Әлихан Смайыловты фотоға түсірмек болған Ардақ Ерубаеваны полиция ұстап әкеткен. Тәртіп сақшылар түсіндіру жұмыстарынан соң оны босатқан. Дегенмен ол «қалтасында құжаты болмады», «кортежге қарай жүгірді» деген айыптаулармен келіспейтінін айтып отыр.