• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қыркүйек, 2022

Алматы күніне орай «Көркем қала - Алматы» мүшәйрасы өтеді

961 рет
көрсетілді

Алматы күніне орай қалалық Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Қазақстан жазушылар одағымен бірлесіп, қала әкімдігінің қолдауымен «Көркем қала - Алматы» атты ақындар мүшәйрасын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мүшәйраны Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ, Қазақстан жазушылар одағы, «Тұлға-достық» қоғамдық қоры ұйымдастырады.

Мүшайра жас ақындар шығармашылығын қолдау және әдебиетті дамыту мақсатында өткізіледі.

Қатысуға ниет білдірген ақындар үшін келесі ережелер бекітілген:

Мүшәйраға 16-40 жас аралығындағы ақындар қатыса алады; Алматы қаласын әсерлі поэтикалық түрде бейнелеп, оның өткені, бүгінгі тыныс-тіршілігін және келешегін көрсету қажет; Өлеңнің көркемдігіне, тақырыпты ашуына, ой ұшқырлығына басты назар аударылады. Алматы қаласы туралы бұрын жарияланбаған бір өленді korkemkala_almaty@mail.ru электронды поштасына жіберу; Өлеңнің көлемі 3 беттен аспай, А-4 форматында Microsoft Word мәтіндік редакторымен «Times New Roman» 14 шрифт, жоларалығы - 1.5 болып терілуі тиіс; Қатысушылар шығармаларымен қоса жеке куәлігінің көшірмесі, қысқаша өмірбаяны, 3х4 түрлі-түсті суретті, тұрғылықты мекен-жайы, телефон нөмірі жайлы мәліметтерді жіберу керек; Үміткерлердің шығармалары 2022 жылдың 18 қыркүйгіне дейін қабылданады; Іс-шара 2022 жылдың 20 қыркүйегінде қорытындыланады; Қазылар алқасының сараптауынан өткен шығармалардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Мүшәйраның жүлде қоры:

Бас жүлде – 500 000 теңге; I - орын – 400 000 теңге; II - орын – 300 000 теңге; III - орын – 200 000 теңге; 1 қатысушыға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы жүлде – 150 000 теңге; 6 қатысушыға ынталандыру жүлдесі – 300 000 теңге (әр қатысушыға 50 000 теңгеден).

Жүлдегерлерді белгілі тұлғалардан құралған қазылар алқасы анықтайды.

Жыр сайысының ережесі туралы толық ақпарат әлеуметтік жілелер мен интернет-сайттарда жарияланады. Толық ақпаратты келесі нөмірлер бойынша алуға болады:+7 (727) 279-33-15; +7 705 987-68-50.