• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2010

БАЙЫПТЫ БАЙЛАНЫСТАР БОЛАШАҒЫ

532 рет
көрсетілді

Кеше елордада Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүлдің елімізге ресми сапары аясында екі ел кәсіпкерлерінің бизнес-форумы басталды. Форум жұмысына екі елдің 300-ден астам компаниялары қатысуда. Индустрия және жаңа техно­ло­гия­лар вице-министрі Берік Ка­ма­лиев іскер топ өкілдеріне форумға қатысып отырғандарына ризашы­лы­ғын білдіре келе, бизнесті жүргізуге байланысты қандай да бір әкімшілік кедергілер және өзге де тосқауылдар, қағазбастылық орын алатын болса, біз оларды шешіп, түркиялық бизнесмендерге көмек­тесетін боламыз, деді. Ол түркия­лық кәсіпкерлерге Кеден одағының рыногын игерудің маңызын атап, оны игеруге шақырды. Форум қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморан­думдарға, оның ішінде алюминий өндірісі бойынша – “Кибар” және тоқыма өндірісінде – “Чалык” холдингтерімен ынтымақтастық жайындағы меморандумдарға қол қойылмақ. Осы ретте форумда құрылыс және құрылыс мате­риалдарын шығару, ауыл шаруа­шылығы, тамақ өнеркәсібі, мәшине жасау мен орман шаруашылығы, тоқыма және дайын киімдер шығару, мал шаруашылығы, кеме жасау, мұнай химиясы салалары әңгіме өзегі болғандығын атап өткен жөн. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.