Куәгерлердің айтуынша, ер адам 5 қыркүйекте балық аулауға кеткен.
«10 қыркүйек күні сағат 16:53-те ТЖД қызметкерлері (төрт құтқарушы мен екі су көлігі) 1995 жылы туған азаматтың мәйітін судан тауып, шығарды», делінген Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.