• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2014

Тапсырмалар маңызы жоғары

264 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрі Серік Ахметов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде жұмыс сапарымен болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Луговой бекетінде С.Ахметов дербес мотоатқыштар батальонымен, сондай-ақ, танк батальонымен танысты. Б.Момышұлы кентінде шо­­­ғыр­ланған Қазақстандағы бір­ден-бір дербес тау-егері пол­кінде болды. Таразда министр «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасында, дербес тау-атқыштары құрамасында және гарнизондық әскери госпитальде болды. Жамбыл облысы Қорғаныс істері департаментінің жиын пунктінде болған қорғаныс ведомствосының басшысы әскерге шақыру науқаны барысымен танысып, жастарды сапалы іріктеу туралы нақты тапсырмалар қойды. С.Ахметов Тараз гарни­зонындағы бөлім командирлерімен болған кеңесте Мемлекет басшысы назар аударып отырған еліміздің оңтүстігінде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсыр­малардың маңыздылығын атап өтіп, әскерлердің даярлық сапасы мен әскери қызметшілердің машығын арттыру мәселелеріне ерекше тоқталды. Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы қойған тапсырмаларды табысты орындау үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалғанын атап өтті. С.Ахметов әскерлердің жауын­герлік және жұмылдыру даярлығын жоғары деңгейде ұстап тұрудың, кәсіби және жауынгерлік даярлық сапасын арттырудың, жоғары әске­ри тәртіп пен құқық тәртібін қамта­ма­сыз етудің қажеттілігін атап өтіп, өңірлік қолбасшылық басшы­лығы­на шалғайдағы бөлім­дер мен бө­лімшелерге, әскери қыз­мет­ші­лер­дің қызметі мен тұрмысына айрық­ша көңіл бөлу туралы тапсырма берді.