• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 12 Қыркүйек, 2022

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі тағайындалды

589 рет
көрсетілді

Мақпал Жұмабай Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы министр Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін Алматыда заманауи медиа өкілдері мен креатив жастармен кездестім. Түрлі платформаларда шығармашылық әлеуетін танытып жүрген жастар жан-жақты мәселелерді ортаға салды. Өте пайдалы кездесу болды деп ойлаймын. Айтпақшы, осы басқосуға ұйытқы болған Мақпал Жұмабай қарындасым бүгіннен бастап Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі лауазымына кірісті. Сәттілік тілеймін!», деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Жұмабай «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары қызметін атқарды.