• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қыркүйек, 2022

ҚХА өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға 60 млн теңге аударды

368 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанай облысының тұрғындарына көмек ретінде Гуманитарлық акцияны жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оған этномәдени бірлестіктер, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері және волонтерлік орталықтар, Аналар кеңестері, Қоғамдық келісім кеңестері, этномедиаторлар, «Ассамблея жастары» РҚБ, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы, «Шаңырақ» ҚХА кафедраларының қауымдастығы қатысты.

Барлық өңірдегі Достық үйінде көмек жиналды. ҚХА волонтерлерінің жұмысын тікелей сол жерде «Асамблея жастары» РҚБ басшысы Тимур Жумурбаев үйлестірді. 9 қыркүйектегі деректер бойынша ҚХА-ның барлық өңірлік өкілдіктері жалпы сомасы 60 031 276 теңге қаражат аударды. Сонымен қатар 243 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді.