• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 12 Қыркүйек, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Омаровтың есебін тыңдады

2222 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровтың есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президентке Агенттік жүргізіп жатқан монополияға қарсы тергеу жұмыстары туралы ақпарат берілді.

Жыл басынан бері бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзу белгілері бар 293 хабарлама берілген, оның 78 пайызы өз еркімен орындалды.

Марат Омаров Агенттік жұмысындағы негізгі стратегиялық бағыттарды атады, олар: бәсекелестікті дамыту және қорғау бойынша тиімді жұмысты қамтамасыз ету, өндірістің негізгі факторларының кәсіпкерлік субъектілеріне теңдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету, жеке бастаманы қолдау және бәсекелестік алаңын фаворитизмнен тазарту.  

«Мемлекет басшысына Жолдауда айтылған, соның ішінде бірыңғай операторларды қысқарту және конгломераттардың қызметін реттеу бөлігінде берілген тапсырмаларын жүзеге асыру жоспарлары туралы баяндалды. Агенттік мемлекеттік қолдау шараларының теңдей қолжетімді болуын қамтамасыз етуге, экономикадағы жеке кәсіпкерліктің үлесін арттыруға, экономиканың негізгі салаларында бәсекелестікті дамыту жұмысына ерекше көңіл бөледі», делінген хабарламада.

Кездесу соңында Президент Агенттік басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.