Оқиға 12 қыркүйек сағат 9:30 шамасында Доскей және Көкпекті ауылдары арасындағы айналма жолда болған, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жолдың ЖЭС орналасқан тұсында 25 жастағы жүргізуші басқарған «ВАЗ Нива» көлігі мен 47 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Скания» жүк көлігі соқтығысып қалған.
«Оқиға салдарынан «ВАЗ Нива» көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді, осы көліктің 59 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», деп жазылған облыстық ПД таратқан хабарламада.
Факті полицияға тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.