• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2014

Ақпараттар ағыны

361 рет
көрсетілді

* Қазақстанда капиталды заң­дас­тыру 1 қыркүйектен басталады. Ол 2015 жылы 31 желтоқсанда аяқталады. Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, заң жобасында мүлікті жария етудің негізгі қағидалары айқындалған. * Азық-түлік корпорациясы Сол­­түстік Қазақстан облысынан ас­тық сатып алуға 3,3 млрд. теңге бөлді. Бұл туралы мәлім еткен облыстық филиал директорының орынбасары Аблан Есен­таев оның алдын ала бағасы тоннасына 20 мың теңгеден екенін де айтып отыр. Бүгінге дейін аймақтағы ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерден 70 мың тоннаға өтініш түскен. * Павлодарда «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді. Шіл­де айына жоспарланып отырған бай­қау аясында қаланың орталық алаңын­да ауқымды халықтық жәрмеңке ұйым­дас­тырылады. Шараға қатысатын отандық тауар өндірушілер 3 номинация бойынша сынға түседі. * Қызылордада жылына 6 мың тонна ет шығаратын құс зауыты салы­нады. Осыған орай «Байқоңыр» ӘКК мен «Байқоңыр» ҰК бірлескен шағын маркет ашу жобалары қолдау тапты. * «Бекіре-2014» рейді кезінде Жайық-Каспий бассейнінен 25 тон­надан астам балық алынды. Сәуір­дің 1-нен басталған акция құқық бұзу­шы­лықтың 725 фактісін анықтады. Әкім­шілік жауапкершілікке 551 адам тартылып, 78 қылмыстық іс қозғалды. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.