• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 240

262 рет
көрсетілді

2014 жылғы 14 наурыз, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), шетел тасымалдаушыларының, авиациялық оқу орталықтары мен авиация персоналының, авиациялық қауіпсіздік пен әуе кеңістігін пайдалану қызметтері саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2) «Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 3) «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 4) «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 5) «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 6) «Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 7) «Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 8) «Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 9) «Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекiтiлген «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде; 2) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – авиация персоналына берілетін куәлік (бұдан әрі – куәлік). Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Куәлікті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы өзі келген кезде берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады; 2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) еркін нысандағы өтініш; 2) азаматтық және эксперименттік авиация ұйымының қолымен және мөрімен расталған объективті деректері бар авиация персоналына ұсыным; 3) Қазақстан Республикасының азаматтығын немесе Қазақстан Республикасының тұруға ықтиярхатын растайтын құжаттардың көшірмелері; 4) екі фотосурет (түрлі түсті, күлгін, 3,5х4,5 өлшемдегі); 5) азаматтық авиация оқу мекемесін (ұшу училищесі, авиациялық-техникалық училище, авиация институты, авиация техникумы, колледж, оқу орталығы) бітіргені туралы құжаттардың көшірмелері. Ескертпе: әуе кемесіне қызмет көрсету жөніндегі инженерлер мен техниктер үшін – азаматтық авиацияның авиациялық-техникалық және ұшу орталығын, авиация институтын немесе әуе кемесі және оның жабдықтарын техникалық немесе ұшуға пайдалану мамандықтары бойынша авиация техникумын аяқтау туралы құжаттардың көшірмелері; зертханалар немесе шеберханалар жағдайында құрауыштарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі инженерлер, техниктер, механиктер үшін – азаматтық авиацияның авиациялық-техникалық немесе ұшу орталығын, техникалық мамандықтар бойынша авиация институтын немесе авиация техникумын немесе техникалық колледжді, училищені немесе институтты аяқтау туралы құжаттардың көшірмелері; аса жеңіл авиацияға қызмет көрсету жөніндегі техниктер үшін – аса жеңіл авиация технигі курсын аяқтау туралы құжаттардың көшірмелері; 6) «Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 қаулысына сәйкес медициналық қорытынды көшірмелері (ұшу персоналы, экипаждың қызмет көрсететін персоналы және әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлері үшін); 7) мамандығы бойынша уақытына қарай біліктілікті арттырудың соңғы курстарын өту туралы құжаттардың көшірмелері. Ескертпе: азаматтық авиацияның оқу мекемесінде тек теориялық курстардан өткен пилоттар мен штурмандар тренажерлық және ұшу даярлығы актілерін қосымша ұсынады; әуе кемесіне қызмет көрсету жөніндегі инженерлер мен техниктер, аса жеңіл авиация техниктері, сондай-ақ құрауыштарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі техниктер үшін – «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге қатысты адам мүмкіндіктері» курсын өткені туралы куәліктің немесе сертификаттың көшірмесі, олардың өту мерзімі уәкілетті органның құжаттарды қарау үшін қабылдау күніне 3 жылдан аспауға тиіс; порталда: авиация персоналының куәлігін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта тізбеленген құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады; портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі. 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05. Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымда: жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы; заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. 11. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mtc.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады. 14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. 15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша Электрондық құжат нысанындағы өтініш 1. ЖСН _________________________________________________________ 2. ЗТ атауы ______________________________________________________ 3. Электрондық поштаның мекенжайы (болған кезде)__________________ 4. Ұйымның толық атауы _________________________________________ 5. Басшының тегі, аты, әкесінің аты ____________________________ 6. Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты ______________ 7. Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің телефоны ________________________ 8. Қоса тіркелген құжаттар: 1._________________________________ 2. _________________________________ 3. _________________________________ 4. _________________________________ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекiтiлген «Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1.Жалпы ережелер 1. «Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі не аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) мынадай мәліметтер көрсетілген рұқсат беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға еркін нысандағы өтінім: пайдаланушының атауы және толық пошталық мекенжайы; Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) коды және рейс нөмірі; әуе кемесінің типі, тіркеу нөмірі және радио арқылы шақыруы; әуе кемесі тіркелген мемлекет; әуе кемесі командирінің (негізгі және резервтік) тегі, экипаж мүшелерінің саны және олардың азаматтығы; ұшу мақсаты; жолаушылардың (жүктердің) болуы және олардың саны; жолаушыларды (жүктерді) жөнелту және жеткізу пункттері және аралық отырғызу пункттері; Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұшу бағытындағы әуе трассаларын, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне (кеңістігінен) кіру (шығу) нүктелерін көрсете отырып, әуе кемесі қозғалысының күні, толық авиамаршруты және кестесі; жүк жөнелтуші (толық атауы, мекенжайы, телефоны); жүкті алушы (толық атауы, мекенжайы, телефоны); навигациялық және байланыс жабдығының типі; бортта шет мемлекеттердің әскери құралымдарының, қару-жарағының және әскери техникасының болуы; әуежайлар және аэронавигация қызметтері үшін болжамды төлем нысандары; лауазымды адамның қолы, телефоны. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) егер пайдаланушыны тіркеуші мемлекет Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болса, Қазақстан Республикасының аумағына қонбайтын халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға байланысты өтінімді қоспағанда, өтінімде көрсетілген мәліметтерді растау үшін орнатылған байланыс арналары арқылы мыналарды ұсынуы қажет: пайдаланушы куәлігінің көшірмелері (болған жағдайда); әуе кемесін тіркеу туралы куәліктің көшірмелері; әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатының көшірмелері; үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершілікті сақтандыру полисінің көшірмелері; жүк құжаттамасының (көрсетілетін қызметті берушінің жеке сұрау салуы бойынша ұсынылады) көшірмесі; 2) пайдаланушы «Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтар» ИКАО - Doc. 9284-AN/905 басылымында Біріккен Ұлттар Ұйымының тізімі бойынша жіктелуі көрсетілген тізбесі белгіленген бортындағы қауіпті жүкпен халықаралық тұрақты емес ұшуды жүзеге асыруға өтінім берген кезде қосымша мынадай құжаттарды: әуеде қауіпті жүктерді тасымалдауға байланысты қызметті жүзеге асыру құқығына пайдаланушы сертификатының көшірмелерін; пайдаланушының немесе жүк жөнелтушінің жүктің оралуы және таңбалануының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) белгіленген нормалары мен қағидаларына сәйкестігі туралы кепілдік хатының көшірмелерін ұсынады; 3) мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын азаматтық әуе кемелерінің шетелдік пайдаланушыларының туристік чартерлік рейстері үшін орнатылған байланыс арналары арқылы: өтінімде көрсетілген рейсті жалға алушының туроператорлық қызмет көрсетуі үшін лицензия көшірмелерін ұсынуы қажет. 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05. Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мем­лекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымда: жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы; заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. 11. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mtc.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. 14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру – күнтізбелік 30 (отыз) күн; Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – күнтізбелік 10 (он) күн; 2) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – шетелдiк тасымалдаушыны тіркеу туралы куәлік (телнұсқа) беру. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде. Шетелдiк тасымалдаушыны тіркеу туралы куәлікті (телнұсқа) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы өзі келген кезде, берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді. Көрсетілетін қызметті алушы порталда шетелдік тасымалдаушыны тіркеу туралы куәлікті (телнұсқаны) электрондық құжат нысанында «жеке кабинеттен» алады. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады; 2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) заңды тұлға (шетелдік тасымалдаушы) жарғысының, өкілдікті, филиалды есептік тіркеу туралы куәліктің немесе бас агентті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; 3) Қазақстан Республикасындағы шетелдік тасымалдаушының өкілдігі, филиалы туралы ереженің не бас агент жарғысының көшірмесі; 4) Қазақстан Республикасында тиiстi қаржылық жылға жасалған әуежайлық қызмет көрсету шартының, агенттiк шарттардың көшiрмесi; 5) шетелдік тасымалдаушы өкілдігінің, филиалының басшысына не бас агентке сенімхаттың көшірмесі; 6) шетелдiк тасымалдаушыны тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу: көрсетілетін қызметті алушы еркін нысандағы өтінішті көрсетілетін қызметті берушіге береді. Порталда: осы тармақта тізбеленген құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті береді. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады; портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі. 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05. Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. 11. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mtc.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады. 14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. 15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан Өтiнiш Сiзден_________________________________________________________ (авиакомпанияның атауы) шетелдік тасымалдаушыны тіркеуіңізді сұраймыз. Авиакомпания туралы мәлiметтер: 1. Меншiк нысаны_______________________________________________ ____________________________________________________________________ 2. Құрылған жылы ______________________________________________ _______________________________________________________________ 3. Заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiк немесе анықтама ____________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (нөмiрi, кiм және қашан берді) 4. Банк деректемелері____________________________________________ ____________________________________________________________________ (ЖСК №, корреспонденттік шот, БСК, банктiң атауы және орналасқан жерi) 5. Заңды мекенжайы және басқа деректемелері ______________________ ____________________________________________________________________ (пошталық мекенжайы, телефоны, телефаксі, телексі, телетайпы, телеграфтық ___________________________________________________________________________ және телефондық шартты шақырулары, ИКАО, ИАТА, СИТА, АФТН кодтары) 6._____________________________________________________________ (кәсiпорынның бiрiншi басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) 7. Қоса берiлген құжаттар_________________________________________ _______________________________________________________________ Авиакомпания басшысы: _________________________ _____________________ (Т.А.Ә.) (қолы, күнi) Өтiнiш 20 __ жылғы ____________ қарау үшiн қабылданды. «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Электрондық құжат нысанындағы өтініш 1.ЖСН________________________________________________________ 2. ДК/ЖТ/ЗТ атауы______________________________________________ 3. Өтініш беруші заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның банк деректемелері ________________________________________________________ 4. Заңды тұлға өтініш берушінің орналасқан жері (мекенжайы) немесе жеке тұлға өтініш берушінің тұрғылықты мекенжайы:_________________________________ 5. Өтініш берушінің пошталық (нақты) мекенжайы:_________________ 6. Байланыс телефоны/факсы/электрондық пошта мекенжайы, АФТН коды: _______________________________________________________________ 7. ӘК-нің орналасу әуеайлағы (алаңы)______________________________ 8. Авиациялық жұмыстардың мәлімделген түрлері:__________________ 9. Қазақстан Республикасы шегіндегі немесе шегінен тыс ұшу аймақтары: ___________________________________________________________ 10. Ұшуды бастаудың жоспарланған күні___________________________ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекiтiлген «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде; 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификаты. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде. Сертификатты көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өзі келген кезде, берілген сертификаттарды есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді. Көрсетілетін қызметті алушы порталда азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын электрондық құжат нысанында «жеке кабинеттен» алады. 7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау үшін алым төлемі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері: 1) авиациялық персоналды даярлау – алым төленетін күні қолданыстағы 547 айлық есептік көрсеткішті; 2) авиациялық персоналды қайта даярлау – алым төленетін күні қолданыстағы 510 айлық есептік көрсеткішті; 3) авиациялық персоналдың кәсіби деңгейін қолдау – алым төленетін күні қолданыстағы 474 айлық есептік көрсеткішті; 4) авиациялық персоналды даярлау, авиациялық персоналды қайта даярлау – алым төленетін күні қолданыстағы 583 айлық есептік көрсеткішті; 5) авиациялық персоналды даярлау, авиациялық персоналдың кәсіби деңгейін қолдау – алым төленетін күні қолданыстағы 583 айлық есептік көрсеткішті; 6) авиациялық персоналды қайта даярлау, авиациялық персоналдың кәсіби деңгейін қолдау – алым төленетін күні қолданыстағы 547 айлық есептік көрсеткішті; 7) авиациялық персоналды даярлау, авиациялық персоналды қайта даярлау, авиациялық персоналдың кәсіптік деңгейін қолдау – алым төленген күнгі қолданыстағы 619 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады. Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады; 2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім; 2) құрылтай құжаттардың көшірмелері; 3) персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың көшірмесі; 4) сапа жөніндегі нұсқаудың көшірмесі; 5) ұшу қауіпсіздігі жүйесін басқару жөніндегі нұсқаудың көшірмесі (қажеттілігіне қарай); 6) авиациялық оқу орталығының ұйымдық құрылымы және штаттық кестесі; 7) кәсіптік даярлығы және біліктілігі туралы ақпаратты қоса алғанда, авиациялық оқу орталығының персоналы туралы мәліметтер; 8) оқу про