• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бюджет Бүгін, 12:08

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі енгізіледі

40 рет
көрсетілді

Қазақстанда 2026 жылғы 19 шілдеден бастап барлық банктер бірыңғай банкаралық QR-төлемдер жүйесіне қосылуға міндетті болады. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа жүйе банкаралық мобильді төлемдер инфрақұрылымы негізінде жұмыс істейді және клиенттерге әртүрлі банктер арасында телефон нөмірі арқылы ақша аудару, сондай-ақ QR-код арқылы төлем жасау мүмкіндігін қарастырады. Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды

Ұлттық банк мәліметінше, тиісті заңға енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін бөлшек төлемдермен жұмыс істейтін барлық банктер жүйеге қосылуға міндеттеледі. Банктер белгіленген мерзімге дейін техникалық дайындықтан өтіп, клиенттерге жаңа сервистерді ұсынуы тиіс.

Қазіргі уақытта 16 банк жүйеге қатысуын растаған. Оның ішінде 12-сі – банкаралық ақша аударымдарды, 7 банк және «Қазпошта» QR-төлемдерді іске қосқан. 

Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?

Ұлттық банк жүйенің техникалық тұрғыдан толық дайын екенін, алайда енгізу қарқыны әр банктің ішкі дайындығына байланысты екенін атап өтті. Бірыңғай QR жүйесін енгізу банктердің өз жеке төлем сервистерін дамытуына шектеу қоймайды.

Соңғы жаңалықтар