• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 13 Қыркүйек, 2022

Мемлекеттік бюджетке 10 трлн 85 млрд теңге кіріс түсті

305 рет
көрсетілді

Бұл туралы Үкімет отырысында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

«Мәселен, мемлекеттік бюджетке 10 трлн 85 млрд теңге кіріс түсті (жоспар 104,9%-ға орындалды), бұл ретте республикалық бюджет 6,8 трлн теңгеге (101,9%), ал жергілікті бюджеттер 3,3 трлн теңгеге (111,6%) толықтырылды. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,4%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары 99,5%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 97,6%-ға орындалды», деді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 675 нысанды сату көзделген. Көрсетілген кезеңде 57 млрд теңге сомасына 240 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді.