• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қыркүйек, 2022

Биылғы Съезд әлем үшін тарихи оқиғаға айналады - Мәулен Әшімбаев

5500 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев Съезд Хатшылығының ХХ отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Съезд Хатшылығының ХХ отырысын ашқан Мәулен Әшімбаев сөз басында қатысушыларға жылы лебізін білдірді.   

«Біз бүгін алдағы форумға қатысты бірқатар ұйымдастыру мәселесін талқылап, тағы бір пысықтап алу үшін жиналып отырмыз. Алдымен, VII Съезді ұйымдастыру жолында бірлесіп атқарған ауқымды жұмыстарыңыз үшін баршаңызға шын көңілден алғысымызды білдіреміз. Биылғы Съезд әлем үшін тарихи және бірегей оқиғаға айналады десек, артық бола қоймас», деді ол. 

Сондай-ақ бұл коронавирус пандемиясы басталғалы бері алғаш рет өткізіліп отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі екенін еске салды. 

«Індет кезінде бізге диалог пен тікелей қарым-қатынас жетіспегені сөзсіз. Съезд рухани көшбасшыларға тікелей сұхбат құруға, дінаралық және өркениетаралық диалогты нығайтудың маңызды мәселелерін бірлесіп қарауға, сондай-ақ, әлемді алаңдатқан өзекті проблемаларды шешу жолдарын талқылауға үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан алдағы Съезд мазмұнды әрі табысты болады деп сенеміз», деді Мәулен Әшімбаев.