• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Қаржы 13 Қыркүйек, 2022

Доллар бағамы өсті

268 рет
көрсетілді

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-да жүргізілген сауда саттықта бекітілген доллардың орташа бағамы 473,45 теңгені құрап, тағы 1,40 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ресей рублінің орташа бағамы 7,83 теңгеге дейін өсті.

Қытай юанінің де орташа бағамы өсіп, 68,39 теңге деңгейінде тоқтады.

Еуро бойынша сауда жүргізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 478,83 теңгеге белгілеген.

Айырбастау пункттерінде долларларды 474 - 478 теңгеден, еуроны - 477 - 483 теңгеден, ресей рублін - 7,2 - 7,6 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 13 қыркүйектегі сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.

Мәселен, Brent мұнайына арналған қараша фьючерстерінің құны 0,32%-ға төмендеп, бір баррель үшін 93,7 долларды құрады.

WTI мұнай фьючерстерінің бағасы қазан айында 0,23%-ға, барреліне 87,58 долларға дейін төмендеді.

Соңғы жаңалықтар