• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қыркүйек, 2022

Шымкент мектептеріне 22 млн теңге айыппұл салынды

271 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының бірқатар мектебі санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін ірі айыппұл төледі. Санэпидембақылау департаментінің мамандары биылғы оқу жылында жоспарлы тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Хабар 24» арнасы хабарлағандай, мегаполистің барлық білім беру мекемелері өткен оқу жылында да тексерілген. Нәтижесінде 91 мектепте бұзушылықтар анықталды.

Оқу орындарында дезинфекциялау құралдарымен ылғалды жинау сақталмаған, раковиналар ақаулы күйде болды, сондай-ақ мектеп жиһазы да ескірген еді. 

Осы оқу жылында мектептер жоспарлы тексеру туралы алдын ала ескерту алды.

«Анықталған бұзушылықтар бойынша мектептерде 139 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды, айыппұл сомасы 22 миллион теңгеден асты. Оның ішінде 85 айыппұл жеке тұлғаларға, 54 айыппұл лауазымды тұлғаларға салынды», деді Шымкент ОСК басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов.