Бүгін елорданың Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Съездің басты тақырыбы - «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі».
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөз сөйледі. Съезде делегация басшылары да сөз сөйлейді деп күтілуде.
Съезд шеңберінде форум форматына енгізілген бірқатар өзекті тақырыптар талқыланады деп жоспарлануда.