• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Қыркүйек, 2022

Шымкентте жүк көлігі велосипедшіні қағып кетті

170 рет
көрсетілді

Шымкентте жол апатынан 50 жастағы велосипедші көз жұмды, деп хабарлайды  Egemen.kz.

12 қыркүйекте Тәуке хан даңғылында жүк көлігінің жүргізушісі Шымкент қаласының 50 жастағы тұрғыны басқарған велосипедпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

Аталған жайт «Көлiк құралын басқаратын адамның абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралын пайдалану ережелерiн бұзуы» қылмыстық бабының 3-бөлігі бойынша ҚР ҚК-не тіркелді. Іс бойынша тиісті сараптама тағайындалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр, одан кейін процессуалдық шешім қабылданады.