• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 14 Қыркүйек, 2022

Елордада көмір қоры жеткілікті ме?

298 рет
көрсетілді

ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетовтың айтуынша, халықты көмірмен қамтамасыз ету жұмысы министрліктің бақылауында, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл жылыту маусымына дайындық наурыз айында басталған. Қазір бұл тарапта күн сайын талдау жасалып отыр.

Мәселен, кейінгі 4 айда елордаға 75 мың тонна көмір жеткізілген. Бұл көрсеткіш әкімдік мәлімдеген қажеттіліктен екі есе жоғары (37 мың тонна). Ал, қыркүйек айына коммуналдық-тұрмыстық сектор мен тұрғындар үшін көмір өніміне қажеттілік жоспары 67 мың тоннаны құрайды. Бүгінде бұл көлемнің жартысы бас қалаға жеткізілген.

Көктал ауданында орналасқан «Бек-Айда» ЖК көмір қоймасының сыйымдылығы 12 вагонды құрайды.

«Былтыр күн сайын 150-200 көмір тиелген көлік жөнелтілді. Көмір бірден вагоннан сатылды. Сәйкесінше, ұзын-сонар кезек болды. Қазір мұндай дүрбелең жоқ. Азаматтар жаз мезгілінен бастап көмір сатып алуда. Сонымен қатар газдандыру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Бүгінде халықтың 50-60 пайызы көмір сатып алған», дейді көмір қоймасының меңгерушісі Дулат Құсайынов.

Айта кетейік, темір жол тұйықтарында Майкөбе көмірінің бір тоннасы 12 500 теңгеден, Шұбаркөл көмірі – 13 800 теңге және Қаражыра көмірі 14 500 теңгеден сатылып жатыр.