• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қыркүйек, 2022

БҚО-да ауласында есірткі өсірген тұрғын ұсталды

130 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысындағы Кардон кентінің тұрғыны өз учаскесінде 71 сора бұтасын өсірген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Карасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында БҚО ПД есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кардон кентінде 53 жастағы азаматты ұстады.

Тінту жұмыстары барысында күдіктінің үй ауласында есірткінің 71 бұтасы табылды.

«Ұсталған азамат  қораның ішінде кептірілген марихуананы сақтаған. Күдікті кенттегі үйді қарасора өсіру үшін арнайы сатып алғанын мойындады. Анықталғандай, есірткі тұқымдары Голландиядан тапсырыс арқылы жеткен», делінген хабарламада.