• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2014

Павлодарда 14 жасар қызды өлтірген жігіт 25 жылға сотталды

301 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 мамыр. Павлодар облысы Ақсу ауданындағы Евгеньевка ауылында 14 жасар Анастасия Шарипованы айуандықпен өлтірген Виктор Бахарев 25 жылға сотталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады. Кеше өткен алқа билер соты оны жасөспірім мектеп оқушысын өлтіріп, зорлады деген тұжырымға тоқтады. «Соттың шешімімен Виктор Бахарев 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», - деді судья Қадырбек Сатабаев. Қылмыскер мерзімін қатаң режімдегі колонияда өтейтін болады. Бұған қоса, соттаушы өзі өлтірген қыздың отбасына 2 млн. теңге көлемінде өтемақы төлейді. Осылайша сот айыптауды толық мақұлдап шықты. Айыпталушының қорғаушысы Бауыржан Азановтың айтуына қарағанда, қайтыс болған қыздың шешесі қылмыскерді өлім жазасына кесуді сұраған. Ал Виктор Бахаревтан соңғы сөзін айтуды сұрағанда, ол Настя Шарипованы өлтірмегенін айтып, кінәсін мойынна алмаған. Бұған дейін хабарланғандай, Бахаревке қатысты сот процесі биылғы жылдың ақпан айында басталды. Айыпталушыны Азановпен бірге оның әпкесі Антонина Зверева да қорғады. Еске сала кетейік, 2013 жылы 21 қазанда Евгеньевка ауылындағы орта мектептің 14 жасар оқушысы Анастасия Шарипова мектептен шығып, үйіне қайтып бара жатқан жолда жоғалып кеткен. Арада екі апта өткенде, 3 қараша күні қыздың мәйіті өзі тұратын үйден 250 метр қашықтағы шұңқырдан шыққан. Ал 6 қарашада полицейлер кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен сол ауылда тұратын 20 жасар Виктор Бахаревті қамады. Тергеу барысы көрсеткендей, қыздың табылғаны жөнінде мәлімет тарағанда, ол алдымен асылып өлмекші болып, артынша қашып кетуге әрекет жасаған. Виктор Бахаревті ұстағанда, ол істеген қылмысын мойындаған. Оған адам өлтірді және зорлады деген айып тағылды. Алайда, Бахаревтың туыстары оның кісі өлтіргеніне сенбейтінін, қысым болғаннан кейін ғана кінәні өз мойнына алғанын айтқан. Оның бұл қылмысқа қатысы барын ДНҚ қорытындылары дәлелдеп берген. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: Tengrinews.kz. Фото: Tengrinews.kz.