• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2010

БҮГІН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

558 рет
көрсетілді

Газет фототілшісі Орынбай Балмұрат кеше түсірген мына суреттегі  Астана қаласының № 54 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушылары секілді еліміздің сан мыңдаған бойжеткендері мен бозбалалары үшін бүгін ең шалғайдағы ауылдардан бастап үлкен шаһарларға дейінгі барлық мектептерде соңғы қоңырау соғылады. МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕР МЕШІТТЕ БОЛДЫ “Нұр Отан” ХДП “Жас Отан” ЖҚ “Жас ұрпақтың бойына рухани па­расаттылық құндылықтарды қалып­тастыру мен дамытудың” тұжырым­да­масы аясында көптеген қоғамға пайдасы мол іс-шараларды атқару үстінде. Соның бір дәлелі, күні кеше ғана оқу жылын аяқтаған елордалық мектеп бітіруші түлектер “Жас Отан” ЖҚ және “Нұр Астана” орталық мешітінің ұйымдас­ты­руымен “Нұр Астана” мешітіне келіп, та­нымы мен тағылымы, тәлімі мен тәр­биесі мол рухани дәріс тыңдап қайтты. “Кездесудің мақсаты – өмірдің бір белесінен екінші белесіне аяқ бас­қан тү­лектерге алдағы өмірлеріне сәт­ті­лік ті­леп, “Батамен ел көгерер” де­ген ата­лы сөзді негізге ала отырып, жас­тарға бата беріп, ақ жол тілеу” – дейді атал­мыш рухани іс-шараны ұйымдастырушылар. Елорданың 15 мектебінен келген 400-ге жуық мектеп оқушылары өз­де­ріне рухани азық болатын бұл дә­рісті ұйып тыңдады. “Нұр Астана” ор­талық мешітінің бас имамы Қ.Заң­қоев дәріс барысында оқушыларға ой салатын салмақты сөздер айтты. Бас имам өз сөзінде: “Сіздердің алда­ры­ңыз­да дәл қазір бір-ақ мақсат бар. Ол қа­лай да жоғарғы оқу орнына түсу. Яғ­ни, студент атану. Ата-ана мен ұс­таз­дың үкілі үмітін ақтау. Лайым Жа­рат­қан хақ жар болып, сол ниетте­рі­ңізге жеткізсін! Елбасымыз: “Біздің болаша­ғымыз жастар” деп сіздерге үл­кен сенім артып отыр. Сенім ар­ты­лып отырған қандай жастар? Әрине, білімді де білікті жастар” – дей келе білім алудың маңыздылығына тоқталды. Ал, “Жас Отан” ЖҚ-ның ресми өкілі Нұрлан Құлманов өз сөзінде адам­зат жолында имандылықтың ерек­шелігін тілге тиек етсе, “Нұр Ас­тана” орталық мешітінің наиб имамы Төлеби Оспан “Бақыттың бастауы – иман” атты тақырыпқа кеңінен то­қ­­та­лып, адам үшін бақыттың не еке­нін, шы­найы бақытқа жетудің жол­да­рын Құ­ран аяттарынан үзінділер келтіре оты­рып баяндады. Ең со­ңын­да Бас имам Қ.Заңқоев құран оқып, жас жеткін­шектерге ақ жол тілеп бата берді. Осы жүздесуден кейін мектеп тү­лектеріне “Нұр Астана” орталық ме­шіті мен “Жас Отан” ЖҚ дайындаған кітаптар, газет-журналдар, аудио дискілер тегін таратылды. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.