• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қыркүйек, 2022

ЕҚДБ Қазақстанға метан шығарындыларын азайтуға көмектеседі

253 рет
көрсетілді

Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) вице-президенті Алан Пиюмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында тараптар метан шығарындыларын азайту үшін өзара ынтымақтастық және Қазақстанға қолдау көрсету туралы Меморандумға қол қойды.

ЕҚДБ Қазақстанның энергетика және газ тасымалдау, ауыл шаруашылығы, қатты-тұрмыстық қалдықтар мен су бұру саласындағы негізгі секторларға баса назар аудара отырып, осы бағыттағы күш-жігерді қолдауға ниетті.

Меморандумды іске асыру шеңберінде тараптар метанды азайту саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыруға, сондай-ақ ең үздік халықаралық практика мен стандарттарға сәйкес газдың осы түрін реттеудің жаңа құралдары бойынша мүмкіндіктерді пайдалануды қарауға дайын.

Меморандум елдің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуіне ықпал етеді.