16 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданған шешім бойынша Нұр-Сұлтан қаласына Астана атауы қайтарылатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорданы қайта атау туралы бастаманы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы ұсынды.
«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының ұсынысына Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында депутаттар бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Еске сала кетсек, 2 қыркүйекте «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері елордаға бұрынғы атауын қайтаруды ұсынған еді.