• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Мамыр, 2014

Азаматтарды кезекті жеке қабылдау

232 рет
көрсетілді

Бас прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдау жүргізді. Арыз берушілердің өтініштері қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық және қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысы саласындағы уәкілетті органдардың шешімдеріне шағымданумен байланысты болды. А.Дауылбаев Бас про­кура­ту­раның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына өтініш берушілердің айғақтарын толық және жан-жақты тек­серуді қамтамасыз етуді, заң бұзушылықты анықтаған жағ­дайда прокурорлық қадағалау актісін енгізуді және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды талап ете отырып, тапсырмалар берді. Бас прокурордың осыған дейінгі қабылдауынан келіп түскен «Елім-Ай» тұрғын үй кешенінің өкілі Ч.Валиевтің өтінішін қарау нәтижесі бойынша Бас прокуратура алаяқтық жасаған тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы мерзімінен бұрын шыға­рылған қаулыны бұзды. Алматы қаласының прокурорына тиісті түрде қосымша тергеуді ұйымдастыру туралы тапсырма жіберілді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.