Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларын ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын кеңейтуді ынталандыруға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Біз ШЫҰ аймағында да, одан тыс жерлерде де ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын кеңейтуді ынталандыруымыз керек. Мемлекеттеріміздің халықаралық азық-түлік өндірісі мен жеткізу тізбегінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысуы әлемдік азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты сақтауға көмектеседі», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Сондай-ақ Президент Жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын қабылдауды өзекті деп санайтынын айтты.