• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қыркүйек, 2022

Қытайдың Сиань қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылады

361 рет
көрсетілді

ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сиань қаласында (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы» Жарлығының жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын», делінген құжатта.

Түсіндірме жазбада атап өтілгендей, Сиань қаласында ҚР Бас консулдығының ашылуы бірінші кезекте республиканың консулдық қызметінің осы бағыттағы қызметін күшейтеді, сондай-ақ өңірде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық (қазақстандық экспортты ілгерілету, инвестициялар тарту және бірлескен кәсіпорындар құру) саласындағы жұмысты жүйелі негізде құруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР СІМ Ақтөбе қаласында Қытайдың Бас консулдығын ашуды қарастыратын келісім жобасын дайындады.

Ақтөбедегі консулдық округ Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарын қамтиды.

Сианьдегі консулдық округ Шэньси, Ганьсу, Сычуань, Хубэй, Нинся-Хуэй автономиялық ауданы және Чунцин қаласын қамтиды.

Келісімге қол қою шеңберінде екі тараппен алмасуға арналған ноталар дайындалады. Олар қазақ және қытай тілдерінде жасалып, бірдей күшке ие болады.

Жарлық жобасы 23 қыркүйекке дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.