• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қыркүйек, 2022

Рим Папасы ІІ Елизаветаны жерлеу рәсіміне қатыспайды

169 рет
көрсетілді

Ватикан Рим Папасы патшайымның жерлеу рәсіміне қатыспайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Лондонда өтетін жерлеу рәсіміне Рим Папасының орнына Ватиканның сыртқы істер министрі Пол Галлахер барады.

Өйткені бірнеше айдан бері Рим Папасының тізе буындары ауыра бастаған. Салдарынан оның жүріп-тұруы қиындай бастаған. 

Еске салайық, Рим Папасы сырқатына қарамастан 13 қыркүйекте Қазақстанға келіп кетті. Бірақ ол көп жағдайда мүгедектер арбасында отырды.